Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бостандыққа шыққан Әбдіжаппар Әлқожа киім өртегені үшін айыппұл төлегенін айтты

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа киімін өртеп жатыр
Әбдіжаппар Әлқожа киімін өртеп жатыр. Видеодан кадр: Instagram/abdizhappar_alkozha

Отандық эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа киімін өртегені үшін айыппұл арқалағанын айтты. Әнші бостандыққа шыққан соң қандай жағдайға тап болғаны туралы Instagram желісінде баяндады.

Әбдіжаппар айыппұлға қатысты пікірін Бағлан Әбдірайымов жариялаған видеоның астында қалдырған. Осылайша, ол автокөлікті өртеймін деп әзілдеген әріптесіне өз кеңесін айтты.

"Алатау ауданы әкімдігі айыппұл салады. Бәке, байқаңыз. От жаққанды көрдік. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық", - деді әнші.

Әзірге әншінің жазбасының қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Әкімдік өкілдерінің берген ақпаратына сүйенсек, оған әкімдік тарабынан айыппұл салынбаған. Редакция Алматы қалалық полиция департаментіне хабарласты, алайда олар да ешқандай айыппұл салынбағанын мәлім етті.

Айта кетейік, осыған дейін басы дауға қалып, 10 тәулікке қамалған әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде жаңа видео жариялап, ел назарын өзіне аударған еді. Бейнежазбада өнер иесі киімін өртеп жатқанын көруге болады. Ал киім Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталған сәтіндегі киіміне ұқсайды.

Ал Бағлан Әбдірайымов күні кеше автокөлікті өртеуге қатысты видео жариялап, көпшілікке жақпай қалды. Желі оқырмандары темір тұлпарға жанармайға ұқсас сұйықтық құйып әзілдеген әншіні сынап тастады. Ал өнер иесі бұл әрекетін ұтыс акциясымен түсіндірді.

Әбдіжаппар Әлқожаның пікірі
Әбдіжаппар Әлқожаның пікірі. Скриншот: instagram.com/ baglan_abdraimov_official

Еске салсақ, 6 шілдеде Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Өнер иесі құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139958-bostandyqqa-shyqqan-abdizhappar-alqozha-kiim-ortegeni-ushin-aiyppul-tolegenin-aitty/