Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұсталды

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Желіде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның Қонаев қаласында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ақпарат Telegram-дағы Egov press арнасында пайда болды. Aвтор әншінің полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталғанын хабарлады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілдеде полицейлер Toyota Camry көлігін тоқтатқан.

"Тексеру барысында жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, көлік жүргізіп келе жатқаны анықталды. Көлікті айып тұрағына жеткізген кезде KIA Carnival көлігі келіп, оның ішінде отырған жолаушы М. полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, тәртіп бұзушыға хаттама толтыруға кедергі келтіре бастады. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқықбұзушы полиция қызметкерлеріне бағынбады", - делінген хабарда.

Ер адам медициналық тексерістен өткен, нәтижесінде оның "орташа" дәрежеде алкогольге мас екені анықталды.

"Нәтижесінде көлік құралын басқару құқығынан айырылса да көлік жүргізген Toyota Camry жүргізушісі сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін KIA Carnival жолаушысы да 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - деп хабарлады облыстық ПД өкілдері.

Айта кетсек, кеше, 5 маусымда белгілі әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әнші бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деп айыпталған. Істі Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот әншіге 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Сонымен бірге бұған дейін танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та ұшақта мас күйде бейәдеп сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2130117-politsiia-anshi-abdizhappar-alqozhynyng-ustaluyna-qatysty-pikir-bildirdi/