"Жалаңаш түспедің бе": Нұрболат Абдуллиннің жұбайы өзін суреті үшін сынағандарға жауап берді
Жарияланған күні:
Нұрболат Абдуллинің жұбайы Гүлфарида Жұбаева желіде өзіне жолданған толассыз хаттарға жауап берді. Эстрада жұлдызының әйелі Instagram желісіндегі парақшасында өз суретін жариялап, көпшіліктің талқысына қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлфарида Жұбаева телефонындағы суретті қызы әлеуметтік желіге жүктеп жібергенін айтты. Ол ешқандай әрлеусіз жүктелген фотоға желі оқырмандарынан түрлі пікірлер келгенін де жасырған жоқ.
"Алдыңғы stories-те де осындай "фильтрсіз" фото болатын. Шахназ салып жіберген екен. Әңгімені жіберіп жатыр жұртым. "Көзің қисық екен, қыли", "Жалаңаш түспедің бе?", "Көзің мұңды, түсінемін", "Қарапайым, әдемі, сұлу, табиғи", "Дым жараспайды, қайда жоғалып кеттіңіз?", "Жарқ еттіңіз, жиі салып тұрыңыз" және тағы басқалары. Instagram-нан демалп жүрмін. Жалпы демалып жүрмін. Дым ешкімге зияным жоқ", - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, жақында Нұрболат Абдуллиннің жаңа әні қызу талқыға түскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2142273-zhalangash-tuspeding-be-nurbolat-abdullinning-zhubaiy-ozin-sureti-ushin-synagandarga-zhauap-berdi/