Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аймалағым кеп ай төсін": жаңа әніне билеген Нұрболат Абдуллин қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Видеодан кадр: instagram.com/ nurbullin

Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин жақында жаңа әнін жарыққа шығармақ. Өнер иесі тың туындысына билеген видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жариялап үлгерді.

Нұрболат Абдулиннің жаңа әні қалай аталатыны белгісіз.

Бірақ ән мәтінінде "Аймалағым кеп ай төсін, қалаға шыққам жай тосын. Сен қалай келдің қорықпай, хабарсыз кетсем, қайтесің?" деген жолдар бар. Әншінің өзі де туындының дәл осы тұсын желідегі парақшасына жүктеп қойды.

Мұны көрген көпшілік өнер иесіне түрлі пікір жазып қалдырды. Олардың бірі Нұрболат Абдуллиннің әнін сынаса, енді бірі оның түр-келбетіне қатысты ойын айтқан.

"Неменесін дейді?", "Әннің төсі ашылып, өз төсі жабылған екен", "Саны бар, сапасы жоқ ән, бұл жерде төстің не қажеті бар?", "Түрі не болып кеткен, киімі біртүрлі екен", "Қатты кетіп бара жатырсыз", "Арықтап кетіпсіз", "Ауырып жүрсіз бе?", "Басқа ән айт балам, жас емессің", "Зина туралы ән дейсің ғой", "Неге қатты азып кеткенсіз?", - деді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2139676-aimalagym-kep-ai-tosin-zhanga-anine-bilegen-nurbolat-abdullin-qyzu-talqyga-tusti-video/