Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасылы адамға жіберіп керек емес": белгісіз жан Дина Төреәліге 1001 гүл сыйлады (видео)

Жарияланған күні:

Дина Төреәлі
Дина Төреәлі. Фото: Instagram/tattti_kyz

Отандық танымал блогер Дина Төреәліге белгісіз жан 1001 раушан гүлін сыйлады. Бұл жайт желі жұлдызының жолдасына мүлдем ұнамаған. Ол әйеліне мұндай сыйды берген адамның кім екенін анықтауға тырысты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төреәлі күні кеше отбасында болған жағдайды Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына баяндап берді. Блогер өзіне гүл келгеніне бастапқыда қуанғанымен, кейін хатын оқыған соң көңіл күйі түсіп қалғанын айтты.

Төреғали Төреәлінің қарындасы 1001 раушан гүлін жақындары немесе достары жіберді деп ойлап қалған. Алайда бұл сыйды басқа адам жіберген көрінеді.

"Тәтті қыз, ертең 12:00-де аулаға шық. Бұл гүлдерді кім жібергенін көресің" , - делінген хатта.

"Күлейін ба? Жылайын ба? Мынау қалай кетті? Бойдақ күнімді еске түсіріп жіберді. Отбасылы адамға осындай нәрсе жіберіп не керек? Мен әдеттегідей қыздардан немесе дүкендерден келген сыйлық деп ойлап қалдым. Жолдасымның ойластырған пранкы емес. Оның реакциясынан өзім шошып кеттім", - деп пікір білдірді Дина Төреәлі.

Бұл жайт желі жұлдызының күйеуіне ұнамады. Ашуға булыққан отағасы гүлді жеткізген қызметкерді сұрақтың астына алып, гүлдерді қабылдамайтынын айтты.

Дина Төреәлінің Stories-i
Дина Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/tattti_kyz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2142384-otbasyly-adamga-zhiberip-kerek-emes-belgisiz-zhan-dina-torealige-1001-gul-syilady-video/