"Ұсақ-түйекке мән бермейтін болдым": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен елді ойландырып қойды
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі бүгінде көп нәрсеге көзқарасы өзгергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова енді ұсақ-түйек мәселелерге мүлдем мән бермейтінін айтты. Бүгінде актрисаның бар уайымы - балаларының болашағы.
"Білесіз бе, осы күнге дейін өмір көп нәрсеге күліп қарауды үйретті. Ығы-жығы, ұсақ-түйекке мән бермейтін болдым. Есесіне мен үшін ең маңыздысы балалардың бүгінгі қызығушылығы мен ертеңгі болашағы. Сол үшін төртеуінің де бар қызыққан саласына шамам жеткенше қолдау білдіріп келе жатырмын", - деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.
Қайрат Нұртастың әйелі тұңғышы Сезім мектеп аяқтаған соң, жоғары оқу орындарын зерттеп жүргенін айтты. Әбдікәрімова қызының сапалы білім беретін университетке түскенін қалайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2142994-usaq-tuiekke-man-bermeitin-boldym-zhuldyz-abdikarimova-zhazbasymen-eldi-oilandyryp-qoidy/