Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені ұзақ күттік": Баян Алагөзова қызды болғанын хабарлады (фото)

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов
Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов. Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзова үшінші перзенті дүниеге келгенін хабарлады. Өнер саласының өкілі тағы да қызды болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықты Алагөзованың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Продюсер жолдасы екеуінің сәбиді ұстап тұрған суреттерін де көрсетті.

"Біз сені ұзақ күттік. Үш келі бақытымыз. Біз қызды болдық. Алагөзова ... Тұрсынғалиқызы", - деп сүйінші хабарды жеткізді ол.

Сонымен қатар Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек те анасының жаңалығына қатысты пікір білдірді.

"Менің сіңілім өмірге келді. Айару екеуміз ғана емес, енді біз үшеу болдық. Арамыз 28 жас болды. Біз сені ұзақ күттік. Біздің көңілді отбасымызға қош келдің, сіңілім", - деп жеткізді блогер.

Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Айсәуле Бақытбектің Stories-i. Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2144775-seni-uzaq-kuttik-baian-alagozova-qyzdy-bolganyn-habarlady-foto/