Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әндерім рух берген шығар": Төреғали Елдос Сметовке қалай қолдау білдіргенін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі спортшылармен
Төреғали Төреәлі спортшылармен. Фото: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовты құттықтау үшін арнайы Тараз қаласына барған. Өнер иесі көк туды желбіреткен спортшы досының асқақ арманы орындалғанына аса қуанышты екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Елдос Сметовке Олимпиадаға дайындық кезінде де барынша қолдау білдіруге тырысқанын айтты. Әнші мен спортшы әркез байланыста болған. "Ұлы дала баласының" айтуынша, екеуі тіпті бірге жаттыққан кездері де болған.

Төреғали Төреәлі шығармашылығы спортшы досына ерекше әсер етті деп есептейді. Ол өз орындауындағы әндері Сметовке рух берді деп ойлайды.

Әнші Instagram-дағы парақшасында Елдос Сметовтың өз өлеңін шырқап жатқан видеосын да жариялап қойды.

"Ташкентке бармаған себебімді айтайын. Еліміз үшін тарихи сәт. Әрі ол менің досым. Алтын медальдан қанша жыл үміт үзбей дайындалып жүргеніне куәмін. Алматыда дайындықта жүргенде біраз уақыт бірге жүріп, сол арманы менің де арманым болып кетіп еді. Тіпті дұғамнан тастамай жүрдім. Ал алтынды қоржынымызға түсірген уақытта бізді дос еткен елімізге деген қызмет және осындай қуанышты барша қазаққа сыйласақ деген ниетіміз түзу екенін түсіндім.

Таразға жолда келе жатып, толғанып келдім. Халқы үшін өз өмірін, жылдарын сарп еткен нағыз азамат.Әлемді мойындатқан палуанымыздың қуанышы күллі қазақ бірлігінің көрсеткіші. Неге десеңіз "Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайды" дейін. Қаншама халықтың қолдауы үлкен рөл атқарады. Енді мен де сол қазағымның қуанышына ат басын бұрып келдім. Бір қызығы, досым менің әндерімді тыңдап, жаттығу жасайтын көрінеді. Бәлкім сол әндерім рух берген шығар", - деп жазды Төреғали.

Төреғали Төреәлінің Stories-i
Төреғали Төреәлінің Stories-i. Скриншот: Instagram/toregalitoreali

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145289-anderim-ruh-bergen-shygar-toregali-eldos-smetovke-qalai-qoldau-bildirgenin-aitty-video/