Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемнің өтінішін орындамадым": Бағлан Әбдірайымов өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты

Жарияланған күні:

Бағлан Әбдірайымов әкесімен
Бағлан Әбдірайымов әкесімен. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов өміріндегі ең үлкен өкінішін айтты. Өнер иесі әкесінің өтінішін орындай алмағанына қапалы, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов өмірдегі ең үлкен өкінішін "Ұрпақ" подкастында ашты.
  • Әнші әкесінің көлік алып беру туралы өтінішін орындай алмағанына қатты өкінеді, себебі әкесінің денсаулығына алаңдаған.
  • Бағлан Әбдірайымов өкінішін жеңілдету үшін денсаулығы нашар басқа азаматқа Алланың разылығы үшін көлік сыйлағанын айтты.

Бағлан Әбдірайымов өкініші туралы жан сырын "Ұрпақ" подкастында ақтарды. Әнші әкесінің өтінішін орындай алмай, оған көлік алып бермегеніне қатты өкінетінін айтты.

Алайда өнер иесі жағдайы болғанымен оған темір тұлпар алып бермеуінің себебін түсіндірді. Ол асқар тауы әкесінің денсаулығына қатты алаңдаған.

"Өмірімдегі өкінішімнің үлкені – әкемнің өтінішін орындай алмадым. Пендешілікке салынып, жүріп алыппын. Әкем өмірінен өтер бұрын "асты биік көлік әперші, мініп жүрейін" деп өтініш айтқан еді. Оның көзі нашар көретін. "Көлік әперсем, бірдеңе болып қала ма" деген уайым-қорқыныш болатын. Бірақ кейін ойланып, "туған күні келе жатыр ғой" деп қарындастарымызбен ақылдасып, әперейін деп жүрген едім. Бірақ әкем о дүниелік болып кетті. 

Адамның емес, құдайдың дегені болады екен. Туған күніне жетпей, таңертең шай ішіп отырып, анама "қан қысымымды өлшеші" деп кереуетте отырған күйі күліп, жүріп кете салған. Сонда бір "әттеген-айым" қалып кетті. Пенде болғаннан кейін сол "әттеген-айды" қалай басамын деген іштей бір тырнайтын өкініштер болды. Өкінішімді басу үшін денсаулығы мүлдем жоқ азаматқа Алланың разылығы үшін көлік сыйладым", - деді әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145615-akemning-otinishin-oryndamadym-baglan-abdiraiymov-omirdegi-eng-ulken-okinishin-aitty/