Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылыңа асфальт салып берсе болады": Сара Тоқтамысова Назым Қызайбайға қолдау білдірді

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: instagram.com/qaz_team_official

Қазақстандық танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Париж Олимпиадасыны қола жүлдесін жеңіп алған Назым Қызайбайға қолдау білдірді. Өнер иесі спортшы арудың ауылына асфальт төсеп беруді ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Атақты айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Олимпиадада қола медаль алған Назым Қызайбайға қолдау білдірді.
  • Тоқтамысова Instagram парақшасында Назымның ауылына асфальт төсеп беруді ұсынды.
  • Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысына жеңіліп, қола медаль иегері атанды.

Сара Тоқтамысова Олимпиадада ел намысын қорғаған отандасына қолдауын Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізген.

"Назым сен мықтысың. Қазақтың қоржынын қоламен толықтырдың. Үйіңнің алдына ғана емес, ауылыңа қарай асфальт салып берседе жарасады. Шынын айтсам, қыздардың боксын көре алмайды екенмін. Өте ауыр спорт түрі екен", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, кеше Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесті. Нәтижесінде отандасымыз бұл жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіліс тауып, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145687-auylynga-asfalt-salyp-berse-bolady-sara-toqtamysova-nazym-qyzaibaiga-qoldau-bildirdi/