Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыным жоқ": спортзалда жаттыққан 53 жастағы Толқын Забирова елді таңғалдырды (видео)

Жарияланған күні:

Толқын Забирова жаттығу залында
Толқын Забирова жаттығу залында. Видеодан кадр: Instagram/tolkynzabirova

Отандық танымал әнші Толқын Забирова жаттығу залынан видео жариялап, елді тәнті етті. 53 жастағы өнер иесі бүгінде жолдасының арқасында дене сымбатына ерекше мән беретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • 53 жастағы Толқын Забирова спортзалда жаттығу жасап, әлеуметтік желіде өз суреттерін жариялады.
  • Забирова өзінің жақсы физикалық формасын сақтау үшін күнделікті спортпен айналысатынын айтты.
  • Оның жарияланымдары көптеген пікірлер мен мақтаулар тудырып, көпшілік оның жас көрінісіне таң қалды.

Толқын Забирова аталмыш видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Бейнежазбада әншінің жаттығу жасап жүргенін көруге болады.

Эстрада жұлдызы бүгінде спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған. Ол мұның барлығы күйеуінің арқасы екенін де айтып қалды.

"Дені саудың - жаны сау" дейді. Демалыс күні де, міне, тыным жоқ. Жолдасым болмаса, үйде рахаттанып отырар едім", - деп жазды Забирова.

Желі қолданушылары 53 жастағы әртістің шымырлығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірген.

"Жарайсыз, осы бағыттан таймаңыз. Жолдасыңыз жарапты", "Өзі спортшы, өзі әнші және сұлу келіншек", "Толқын ханым, шымыр екенсіз. Көпшілік сізден үлгі алсын", "Толқын жарайсың!Дене шынықтыру тамаша ғой. Әр тұлға өз дене бітіміне қарағаны дұрыс деп ойлаймын", "Әдемі, сымбатты, көрікті, жоғары мәдениетті Толқынжан", "Қай жаста да спортты тастамау керек. Жарайсыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2145705-tynym-zhoq-sportzalda-zhattyqqan-53-zhastagy-tolqyn-zabirova-eldi-tanggaldyrdy-video/