Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұратуды қою керек": Дана Нұржігіт Олимпиадаға кеткен спортшылар туралы ойын айтты

Жарияланған күні:

Дана Нұржігіт
Дана Нұржігіт. Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Отандық танымал журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт Олимпиадаға кеткен спортшылар мен бапкерлерге қатысты ойын айтты. БАҚ өкілі олардың жарыс жолында жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұрауына түбегейлі қарсы екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Дана Нұржігіт Олимпиадаға қатысқан спортшылар мен бапкерлердің жеңілісі үшін кешірім сұрауына қарсы екенін айтты.
  • Журналист бұл әрекетті популизм деп санап, спортшылардың жігерін құлатуға әкелетінін атап өтті.
  • Нұржігіттің пікірінше, қателіктерді іскерлік ортада талқылау қажет, ал кешірім сұрату азаматтарды тұқырту болып табылады.

Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасында спортшылар мен бапкерлерге кешірім сұратуды қою керек деп үндеу жасады.

"Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл - популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу! Мұндайға қарсымын", - деп жазды журналист.

Дана Нұржігіттің Stories-i
Дана Нұржігіттің Stories-i. Скриншот: Instagram/dana_nurzhigit

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Олимпиададағы бокс нәтижесі үшін халықтан кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2146690-keshirim-suratudy-qoiu-kerek-dana-nurzhigit-olimpiadaga-ketken-sportshylar-turaly-oiyn-aitty/