Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айнаға қарағым келмейді": Мақпал Исабекова босанғаннан кейін қандай күйге түскенін айтты

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова қызымен
Мақпал Исабекова қызымен. Фото: Instagram/makosyai

Жақында екінші перзентін дүниеге әкелген Мақпал Исабекова денсаулығы сыр бергенін хабарлады. Өнер иесі босанғаннан кейін қандай күйде жүргенін оқырмандарына айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова денсаулығы сыр бергенін Instagram-дағы парақшасында айтқан. Өнер иесі бүгінде өзін жек көріп, тіпті айнаға қарағысы келмей қалғанын жеткізді.

"Мен қазір өзіме өзім ұнамаймын. Қан қысымын реттеу үшін ішетін дәрілерді ішіп жүргеніме бір ай болып қалды. Соның әсерінен менде үнемі ісіну. Сол үшін суретке түскім келмейді. Тіпті, айнаға қарағым келмейді", - деп жазды әнші.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Айта кетейік, 7 шілде күні Мақпал Исабекова екінші перзентін дүниеге әкелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2146860-ainaga-qaragym-kelmeidi-maqpal-isabekova-bosangannan-keiin-qandai-kuige-tuskenin-aitty/