Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен Париж көшелеріне Қазақстан туын ұстап шықты

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен
Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен. Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал дизайнер әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі Сәкен Қағаровпен бірге Олимпиада өтіп жатқан Париж қаласына барды. Жұлдызды жұп қала көшелеріне Қазақстан туын ұстап шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Танымал дизайнер және блогер Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі Сәкен Қағаровпен бірге Париж қаласына барды.
  • Олар Париж көшелерінде Қазақстан туын ұстап жүрген.
  • Жұлдызды жұп қаланың көрікті жерлерін аралап, Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларға қолдау көрсетті.

Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров Франция еліне аттанып, демалысы қалай өтіп жатқанын оқырмандарына көрсетті. Қос ғашық Instagram-дағы парақшаларында саяхатынан түрлі фото мен видео жариялады.

Жұлдызды жұп Париж қаласының әсем жерлерін аралап, спортшыларға қолдау білдірді. Олар Франция астанасының көшелеріне Қазақстан туын ұстап шыққан.

"Екі арман қуған адам" , - деген жазба қалдырды блогер ару.

Айта кетейік, бүгінде Париж қаласында Олимпиада ойындары өтуде. Қазақстан қоржынында әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2147143-aizhuldyz-adaibekova-suiiktisimen-parizh-koshelerine-qazaqstan-tuyn-ustap-shyqty-foto/