Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдымен алып қашып кетті": Абай Бегейдің қызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (видео)

Жарияланған күні:

Абай Бегей қыздарымеен
Абай Бегей қыздарымеен. Фото: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің отбасында қуанышты жағдай болды. Өнер иесінің ортаншы қызы Сымбатқа сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, "иә" деген жауабын алған. Алайда ұсынысты жасамас бұрын күйеужігіт әншінің қызын алып қашып кеткені белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова отбасында болып жатқан жаңалықтарды Instagram-дағы парақшасында баяндап берді. Оның сөзінше, Сымбатты алып қашып кеткенін естіген бойда Абай Бегей оны алып кетуін айтқан. Алайда әнші бұл әрекетімен менсінбеушілік танытпаған. Ол қызының таңдауы кім болғанын алдымен өз көзімен көріп, танысып барып қана батасын беретінін жеткізді.

"Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты. Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір ақ күн қалғанда, "үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті" деген хабар жетті. Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік.

Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі "Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін" деді. Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп, әкемнің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкем де өз ауылымыздың үлкендерімен,жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойлана келе, "Келген ел - көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен" деп, "Қызымның таңдауын құрметтеймін! Маңдайына жазып тұрса, бағы болсын" деп ақ батасын берді", - деп жазды Фариза Жұманова.

Ата-ананың ақ батасын алған соң, Сымбат Абайқызына сүйіктісі ресми түрде ұсыныс жасаған. Әншінің қызы көп ойланбастан оған "иә" деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2149183-aldymen-alyp-qashyp-ketti-abai-begeiding-qyzyna-suiiktisi-uilenuge-usynys-zhasady-video/