Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Процесс жүріп жатыр": Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып қалғанын айтты

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде оқырмандарымен сырласып, алаяқтарға алданып қалғанын айтты. Өнер иесі тіпті бүгінде соған байланысты сот процесі жүріп жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен тілдесті. Желі қолданушыларының бірі актрисадан "алаяқтарға алданып көрдіңіз ба?" деп сұрады. Өнер иесі ештеңені жасырмай, бар шындықты айтты.

"Алданғанда қандай?! Дәл қазір процесс жүріп жатыр. Ол бөлек әңгіме. Жақында бәрін де айтып беремін", - деді Қайрат Нұртастың келіншегі.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, елді ойландырып қойған еді. Өнер иесі бүгінде ұсақ-түйек мәселелерге мән бермейтін болғанын айтты. Ол үшін балаларының болашағы қазір бірінші орында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150407-ol-bolek-anggime-zhuldyz-abdikarimova-alaiaqtarga-aldanyp-qalganyn-aitty/