Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлемдегі ең ғажап жігітпен": Жұлдыз Әбдікәрімова желіде сурет жариялап, елді қызықтырып қойды

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде түскі ас кезінен сурет жариялап, елді қызықтырып қойды. Қайрат Нұртастың келіншегі әлемдегі ең ғажап жігітпен бірге тамақтанып отырғанын жазған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жұлдыз Әбдікәрімова аталмыш жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Актриса кіммен түстеніп отырғанын айтып, оқырмандарын ойландырып қойды.

"Мен үшін әлемдегі ең ғажап жігітпен түскі ас. Сосын ол маған үй шаруасына көмектесемін деп уәде беріп отыр", - деп жазды өнер иесі.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әбдікәрімова ол құпия жанның кім екенін әлі де айтқан жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова желіде алаяқтарға алданып қалғанын айтқан болатын. Қайрат Нұртастың келіншегі бүгінде соған байланысты сот процесі жүріп жатқанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150652-alemdegi-eng-gazhap-zhigitpen-tuski-as-zhuldyz-abdikarimova-zhelide-suret-zhariialap-eldi-qyzyqtyryp-qoidy/