Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзілдірік киіп алыңыз": Айдарбекова желіде өзін сынаған оқырманына жауап берді

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Еуропаны аралап келген Гүлзира Айдарбекова желіде сынға ұшырады. Оқырмандардың бірі Қайрат Нұртастың анасын шетелге күйеуінсіз барғаны үшін сөккен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Италия, Швейцария және Франция елдерінде керемет демалыс өткізіп, желіде әсерін бөлісті. Оқырмандардың басым көпшілігі оған жылы лебізін білдірсе де, продюсерді сынға алған жандар да болды.

Олардың бірі Қайрат Нұртастың анасын бұл жолы шетелге күйеуімен бармағаны үшін сынап тастаған.

"Осы Гүлзира үнемі жесір әйел құсап болмаса күйеуге шықпаған кәрі қыз ұқсап жалғыз жүреді. Қасында өмір бойы бірге келе жатқан жолдасы қайда?! Үлкендік жақындағанда неге бірге жүрмеске", - деп жазды желі қолданушысы.

Гүлзира Айдарбекова бұл пікірді білдірген оқырманға бірден жауап берді.

"Неге олай дейсіз? Үнемі дейтіндей мені үнемі байқап отырсаңыз бұлай айтпас едіңіз. Былтыр жолдасыммен 2 мәрте Түркия елінде демалдым, немерелеріммен 3-рет тағы бардым. Кипрға, Вьетнамға, Кореяға сіңілілеріммен бардым. Жалғыз барған емеспін. Қазақстандағы Алакөлге биыл жолдасыммен, ұлдарыммен кіші келінім, қайын іні, абысындарыммен бардым. Мен жалғыз жүрмеппін. Көзілдірік киіп алсаңызшы 75 те екенсіз, қарттық шығар сіздікі", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2152005-kozildirik-kiip-alyngyz-aidarbekova-zhelide-ozin-synagan-oqyrmanyna-zhauap-berdi/