jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тележүргізуші Қымбат Досжан немересіне ерекше есім берді

    Қымбат Досжан
    Қымбат Досжан. Фото: Instagram/kymbatdoszhan

    Отандық танымал тележүргізуші Қымбат Досжан жақында өмірге келген немересіне ерекше есім берді. БАҚ өкілі немересінің атын қалай таңдағанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қымбат Досжан немересіне қандай есім бергенін Instagram-дағы парақшасында айтты.

    "Айтотым деп атадым немеремді! Айтоты - қазақтың мықты, арда азаматы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің анасының аты. Азан шақырып қойған есімі Қымбат екен анамыздың. Апамыздың ақылы мен көркіне, сұлулығына тәнті болған ел-жұрты Айтоты деп атап кеткен", - деп жазды Қымбат Досжан. 

    Тележүргізуші Асқар Сүлейменовпен алғаш кездесуін есіне алып, немересіне ол кісінің анасының атын беруді неге шешкенін айтты.

    "Осындай мықты анадан туған Асқар Сүлейменов ағамызды мен ең алғаш "Жетінші палата" спектаклін тапсыру кезінде көріп, әсіресе құс мұрынды келбетіне таңғалған едім. Жазушы ағамыздың сол спектакльдің тапсырылу кезінде айтқан сөздерін бүкіл театр артистері, Жүргенов театр өнері студенттері ұйып тыңдаған едік. Ой иірімдері тура бір ғарыш секілді еді. Қарагөз сіңлімді құлағдар етіп, әжесінің есімін немереме қойғанымды айтып қуанттым. Немере қатары көбейе берсін, Балайым Айтотым атты сіңлілі болды", - деп жазды Қымбат Досжан.

    Қымбат Досжанның Stories-i
    Қымбат Досжанның Stories-i. Скриншот: Instagram/kymbatdoszhan

    Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Қымбат Досжан көпшілікке қуанышты жаңалығын жария етті. Тележүргізуші немерелі болғанын хабарлап, сүйінші сұрады.

    Тележүргізуші Қымбат Досжан немересіне ерекше есім берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.