Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жігіт Эльбрус шыңында "Адай" күйін тартты (видео)

Жарияланған күні:

Эльбрус шыңында домбыра ойнаған қазақ
Эльбрус шыңында домбыра ойнаған қазақ. Видеодан кадр: instagram.com/24kz_tv

Қазақстандық Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусты бағындырып, "Адай" күйін тартты. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлайды.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, Астананың 26 жастағы тұрғыны Әлібек Қайырбек Кавказдағы Эльбрус шыңын бағындырған. Ол бұл биікті бағындыруға бір апта жұмсаған.

Ал дайындық жұмыстары жарты жыл уақыт алды, дейді ол. Әлібек білімі бойынша музыкант болғанымен, альпинизмге қызығады. Бұл саяхатта ол екі сүйікті ісін де біріктіріп отыр.

Шың бағындыруға 15 альпинистен құралған команда қатысқан.

Министрлік мәліметінше, Әлібек Қайырбек – республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол 9-сыныптан кейін Астанадағы Ұлттық өнер университетінің музыкалық колледжінің домбыра бөліміне оқуға түскен. Содан кейін "Шабыт" ҚазҰӨУ-ге түсіп, 2013 жылдан бері концерттер мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153796-qazaqstandyq-zhigit-elbrus-shyngynda-dombyra-oinady-video/