Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолдасым менен 6 жас кіші": емші Айнұр Асқарқызы жас мәселесі туралы ойын айтты

Жарияланған күні:

Айнұр Асқарқызы күйеуімен
Айнұр Асқарқызы күйеуімен. Фото: Instagram/ainur_askarkyzy

Халыққа танымал емші әрі сынықшы Айнұр Асқарқызы қарым-қатынастағы жас мәселесін қозғап, оған қатысты ойын айтты. Блогер өзі жолдасынан 6 жас үлкен екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнұр Асқарқызының сөзінше, махаббат үшін жас мәселесі мүлдем кедергі емес. Емші бастысы өзіңе жайлы адам жолықса болғаны деп есептейді. Бұл туралы ол Анна Данченкоға берген сұқбатында айтты.

"Менің жігітім менен 6 жас кіші. Ол мүлдем әсер етпейді. Ол шығарып алған зат. Махаббат ештеңеге қарамайды. Адам өз адамын тапса, өзіне жайлы әрі жағымды адам болса бақытты болады. Қыздар сіздерге бір құпия айтайын, Алла тағаладан өздеріңізге жайлы әрі жағымды жұптарыңызды сұрап жүріңіздер. Ол береді. Егер сұрамадың ба, демек оған жалғыздық ұнайды. Дұғаға қосу керек. Дұғаның күші мықты. Ал екіншіден, дұғаның орындалатынына, Аллаға сену керек", - деді Айнұр Асқарқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154910-zholdasym-menen-6-zhas-kishi-emshi-ainur-asqarqyzy-zhas-maselesi-turaly-oiyn-aitty/