Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркеліктің қандай болатынын үйреттің": Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева күйеуімен
Айгүл Иманбаева күйеуімен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде алғаш рет күйеуімен түскен суретін жариялап, оны туған күнімен құттықтады. Өнер иесі жолдасына еркеліктің қандай болатынын үйреткені үшін алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева жолдасына деген ақ тілегін Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізген.

"Ең бастысы құдайға деген сенім екен. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп, құдайдан сұрайтын едім. "Шын тілесең, береді" деген де осы шығар, және "Көптің тілеуі көл" деген нәрсе бар. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз.

Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева жолдасымен қалай танысқанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2159896-erkelikting-qandai-bolatynyn-uiretting-aigul-imanbaeva-kuieuin-tugan-kunimen-quttyqtady/