Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ninety one әншісінің тұңғышы дүниеге келді (фото)

Жарияланған күні:

Батырхан Мәліков
Батырхан Мәліков жұбайымен. Фото: instagram.com/ xcialem

Ninety One тобының әншісі Батырхан Мәліковтің тұңғышы дүниеге келді. Халыққа Alem лақап атымен танымал өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Батырхан Мәліков пен Вероника Жанғалова перзентханадағы суреттерін жариялады.

"Біздің қолымыздан келді", - деп жазды олар.

Мұны көрген көпшілік ерлі-зайыптыны құттықтап, ақ тілегін жеткізді. Жазба астына екі сағатта 3000-нан аса пікір жиналды.

"Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", "Өзім туғандай қуанып отырмын", "Қандай қуанышты жаңалық", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2162851-ninety-one-anshisining-tunggyshy-duniege-keldi-foto/