Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-бірінен қалыспайды": Махмұд Сабырхан өз тойында Қайрат Нұртаспен бидің түбін түсірді

Жарияланған күні:

Махмұд Сабырхан, Қайрат Нұртас
Махмұд Сабырхан, Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: instagram.com/kyzykreels

Боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырханның үйлену тойы өтіп, желіде тойдан фото-видеолар жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Instagram-дағы парақшалардың бірінде Махмұд Сабырханның үйлену тойынан видео жарияланды. Онда тойға көп адам жиналғанын, боксышының Қайрат Нұртастың әніне билеп жүргенін көруге болады.

Боксшы қыркүйектің басында Назым атты сұлумен шаңырақ көтерді.

Еске салсақ, Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Хосе Кильеспен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіліс тапты. Қазақстандық боксшы бұған дейін Ташкенттегі әлем чемпионатында 54 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Кейін ол Олимпиадаға қатысу үшін 57 кг салмаққа ауысты.

Айта кетейік, желіде боксшы бұрынғы бас бапкер Мырзағали Айтжановтың қызына үйленді деген ақпарат тарап кетті. Алайда бапкер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2163205-mahmud-sabyrhan-oz-toiynda-biding-tubin-tusirdi-video/