jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Әйгілі "Рэкетир" фильмінің актері қатерлі дертке шалдықты (видео)

    Мұрат Бисенбин
    Мұрат Бисенбин. Фото: tvseans.az

    Әйгілі "Рэкетир" фильмінің актері Мұрат Бисенбин қатерлі дертпен күресіп жатыр. Бұл туралы оның әріптесі, актер Саят Исембаев Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

    Саят Исембаев өнердегі әріптесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, көпшілікке үндеу жасады. Ол қазіргі уақытта Мұрат Бисенбиннің ем қабылдап жатқанын айтты.

    "Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисенбин ауырып қалды. Бәріңіз оны "Рэкетир" фильмі арқылы жақсы танисыздар. Ол Русланның ағасының рөлінде ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді.

    Құрметті достар, бәріміз қолдан келгенше қаржылай көмек көмектесейік. Әрбір қаражат маңызды, біздің қолдауымыз оның емін тездетеді. Қазір реквизиттерді қалдырамын. Ауырмаңыздар. Мұрат, жазылып кет, біз сенімен біргеміз", - деді Саят Исембаев.

    Актер видео астына әріптесінің реквизиттерін қалдырды.

    Kaspi Bank АҚ Карта шот нөмірі (IBAN) KZ90722C000066733567

    Kaspi Bank карта нөмірі 4400 4302 0096 8318 Murat B.

    Halyk Bank шот нөмірі (IBAN) KZ186010012002424206 Карта нөмірі 4405 6376 7126 0695 Murat B.

    Kaspi нөмір +77022221170 Мурат Б.

    Әйгілі "Рэкетир" фильмінің актері қатерлі дертке шалдықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.