Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы босанғанын айтып, жұрттан сүйінші сұрады
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы босанғанын айтып, жұрттан сүйінші сұрады. Мархабат Бесбаева қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
Мархабат Бесбаева дүнеге келген баласының ұл немесе қыз екенін жасырын қалдырды.
"Ал сүйінші, менің құрметті оқырмандарым. Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір, кім босандым деп ойлайсыздар?", - деді ол.
Айта кетейік, Мархабат Бесбаева өзінің жүкті екенін осыдан бірнеше күн бұрын ғана айтқан еді.
"Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", - деп жазған еді Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2164695-meirambek-besbaevtyng-zhubaiy-bosanganyn-aityp-zhurttan-suiinshi-surady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.