"Алданып қалдым": Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясын сотқа берді
Жарияланған күні:
Күні кеше сот болатынын айтып, заңгерлерден көмек сұраған Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясына алданып қалғанын айтты. Бұл туралы актриса Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Актриса үш жыл бұрын сатып алған үйінің құжаттарын әлі күнге дейін ала алмай жүргенін, құрылыс компаниясына алданып қалғанын айтты.
"Естеріңізде болса, 2021 жылы зор қуанышпен өздеріңізден сүйіншілеп, "TUMARGrandVillage" құрылыс компаниясынан үй алғанымды хабарлап едім?!
Сол жылы балаларым “Анашым, жер үйге көшейікші, өзіміздің ауламыз болса, бақшасына жемістер егейік” деп сұрады. Бұл ой маған да ұнады. Сол сәттен бастап, үй іздеуге кірістім. Өз пәтерімді сатуға шығарып, тез арада көшкім келді. Бар ойым үйімді сатып, жер үй салу немесе сатып алу болды.
Астанадағы коттедж салатын бірнеше компанияларға да бардым. Сол ізденісте жүргенде "TUMARGrandVillage" қалашығын көрдім де, ұнатып, сол жерден үй алғым келді. Нәтижесінде құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра есімді келіншекпен таныстым", - деді ол.
Актрисаның сөзінше, құрылыс компаниясының басшысы оған өз үйін інісінің атына аударып беруін, есесіне 1 жылда екі қабатты жер үй салып беруге уәде берген.
"Ол маған мынадай ұсыныс айтты. “Сен сатуға қойған пәтеріңді менің інім Диардың атына жазып бересің. Біз сағат "TUMARGrandVillage" қалашығын 1 жылда екі қабатты жер үй салып береміз. Ал оған дейін сен пәтер жалдап тұрарсың”, - деді. Мен келісе кеттім. Ойымдағы үйдің табылғанына қуанғаным да рас.
Содан күтумен арада 2 жыл өтеді. Мен пәтерден-пәтерге көшіп шаршадым. Жалдап тұру балаларымның да ашуына тие бастады. 2024 жылдың көктемінде менің үйімнің жақын арада бітпейтінін түсініп, Диляраның алдына бардым. Бұдан артық күте алмайтынымды жеткізіп, өз үйімді қайтарып беруін сұрадым. Сол кезде ол менің пәтерімді банкке кепілдікке (залогқа) тіккенін естіртіп, ол үйде тағы бір інісі Әбілхан отбасымен тұрып жатқанын, қайтарып бермейтінін айтты", - деп ашына жазды актриса.
Әбдікәрімова тіпті үйді өзі салып алатынын айтып, құжаттарды қолына беруін өтінген. Алайда құрылыс компаниясының басшысы
"Ендеше мынау бітпей тұрган жер үйімді өзім болса да аяқтайын, соның құжатын берші деп талап еттім. Себебі әкімшіліктен объектіні пайдалануға қабылдау актісі (акт ввода в эксплуатацию) құжатын жасатпақ болдым. Бірақ соғылып жаткан уйге де, жерге де құжат бермеді.
"Менің үйім деп жүрген құрылысты, жерді маған айтпай, "Аграрлы кредиттік корпорациясына" кепілдікке салып жіберген. Бір қызығы мен аудандық сотқа барарда, Диляра маган алдын-ала білгендей ескертті. "Сен сотта жеңілесің! Қаласаң да, қаламасаң да күтесің!", - деді ол.
Отандық актриса қалалық сотқа жүгініп, тұрғын үйге деген құқықтарын қалпына келтіруді сұрады.
"Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, көпбалалы ана, компания басшылары болып келетін ағалы-ініден тұратын топтың алдауының құрбаны болдым.
Қалалық соттан менің және кәмелетке толмаған төрт баламның тұрғын үйге деген құқықтарын қалпына келтіріп, әділ және заңды шешім шығаруын сұраймын. Мен Қазақстан Республикасы соттарының әділдігіне сенемін!", - деп түйіндеді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2167146-aldanyp-qaldym-zhuldyz-abdikarimova-qurylys-kompaniiasyn-sotqa-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.