Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (видео)

Жарияланған күні:

Мейрамбек Бесбаев әйелі мен балаларымен
Мейрамбек Бесбаев әйелі мен балаларымен. Видеодан кадр: Instagram/saken_maigaziyev

Жақында ғана сәбилі болған Мейрамбек Бесбаев келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алды. Жұлдызды ата-ана үшінші перзентіне қандай есім бергені белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаевтың әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алғанын "Аспан FM" радиосының директоры Айман Нұразхан хабарлады. Ол Instagram-дағы парақшасында ерекше отбасылық сәттен видео жариялады.

Бейнежазбада өнер иесінің келіншегін құшақтап, қолына нәрестені алып жатқанын көруге болады. Жұлдызды жанұяны ет-жақындары мен өнердегі достары құттықтап келген.

Оған қоса Айман Нұразхан Мейрамбек Бесбаевтың қызының атын жария етті. Эстрада жұлдызы үшінші перзентіне Айзия деген есімді берген.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев 23 қыркүйек күні көпшіліктен сүйінші сұрап, үшінші перзенті дүниеге келгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168133-meirambek-besbaev-aieli-men-qyzyn-perzenthanadan-shygaryp-aldy-video/