Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені жеңу оңай емес": ауыр дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисенбин мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Мұрат Бисенбин
Мұрат Бисенбин. Фото: instagram.com/ murat_bissenbin

Көпшілікке "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисенбин өзіне қолдау көрсеткен желі оқырмандарына алғыс айтты. Бүгінде өнер иесі қатерлі дертпен күресіп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Бисенбин өз оқырмандарына ауыр сырқатты жеңіп шығатынын айтып, алғыс білдірді.

"Мені жеңу оңай емес. Міндетті түрде бәрін еңсеремін. Маған моральдік және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға рақмет! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін актер Саят Исембаев өнердегі әріптесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, көпшілікке үндеу жасаған еді. Ол қазіргі уақытта Мұрат Бисенбиннің ем қабылдап жатқанын айтқан болатын.

"Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисенбин ауырып қалды. Бәріңіз оны "Рэкетир" фильмі арқылы жақсы танисыздар. Ол Русланның ағасының рөлінде ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді.

Құрметті достар, бәріміз қолдан келгенше қаржылай көмек көмектесейік. Әрбір қаражат маңызды, біздің қолдауымыз оның емін тездетеді. Қазір реквизиттерді қалдырамын. Ауырмаңыздар. Мұрат, жазылып кет, біз сенімен біргеміз", - деді Саят Исембаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169715-meni-zhengu-ongai-emes-auyr-dertpen-kuresip-zhatqan-murat-bisenbin-malimdeme-zhasady/