Бибігүл Төлегенова референдумға қатысып, таңдауын жасады (фото)
Жарияланған күні:
Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бибігүл Ахметқызы дауысын үйінде берді. №559 сайлау учаскесінің өкілдері бюллетеньдерге арналған урнаны Бибігүл Ахметқызының тұрғылықты мекенжайына әкелді. Әртіс бұл оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, референдумға қатысу-әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігі.
"Мұндай шешімдер мұқият ойластыруды қажет етеді, өйткені олар елдегі қазіргі жағдайға ғана емес, келесі ұрпақтың болашағына да әсер етеді. Мен еліміз үшін осы маңызды мәселеге өз дауысымды қоса алатынымды мақтан тұтамын", - деп атап өтті Бибігүл Ахметқызы.
Опера әншісінің айтуынша, Қазақстан әлі де жас мемлекет және оны қолдау керек, еліміз үшін маңызды оқиғаларға қатысып, сол арқылы мемлекетіміз үшін дамудың ең жақсы жолын таңдау керек.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2170356-bibigul-tolegenova-referendumga-qatysyp-tangdauyn-zhasady-foto/