Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойға дайындық жүріп жатыр". Айжұлдыз Адайбекова қуанышты жаңалығын жария етті

Жарияланған күні:

Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров
Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров. Фото: instagram.com/ aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал дизайнер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірінде болып жатқан жақсы жаңалығын жария етті. Жанар Айжанованың қызы екінші рет тұрмысқа шығуға қызу дайындалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет сүйіктісі, танымал блогер Сәкен Қағаровпен бірге сұқбат беріп, жақын арада шаңырақ көтеретінін хабарлады. Жұлдызды жұп қазірдің өзінде ортақ үйі бар екенін айтып қалды.

Жанар Айжанованың қызы ұзату тойға қызу дайындықты бастап кеткенін жеткізді. Алайда қалыңдық бұл жолы қуанышына тек қана туыстарын шақыратынын айтты.

Ал сүйіктісі үйлену тойына дүркіретіп атап өткісі келетінін жасырмады.

"Адам толық бақытты болған кезде, неге оны көрсетпеске?! Біз де өзімізді толық бақытты сезінгеннен кейін, жариялауды жөн көрдік. Біздің бірге тұрып жатқанымызды ел талқылап кетті. Екеуміздің ортақ баспанамыз бар. Одан кейін бөлек пәтерлеріміз де бар. Қалаған кезде бөлек және бірге тұра береміз. Жеке кеңістігімізді сақтаймыз. Бір-біріміздің шығармашылық жолымызға кедергі келтірмейміз.

Менің ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды. Тек жақындарым мен бауырларымды ғана шақырамын. Тойға дайындық қызу жүріп жатыр. Нақты күні мен айын кейін біле жатарсыздар", - деді Айжұлдыз Адайбекова Revue News бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171569-toiga-daiyndyq-zhurip-zhatyr-aizhuldyz-adaibekova-quanyshty-zhangalygyn-zhariia-etti/