Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әзірге жолымыз болмай жүр": Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіргісі келеді (видео)

Жарияланған күні:

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаевамен
Әли Оқапов анасы Роза Рымбаевамен. Фото: Instagram/aliokapov

Отандық әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсіргісі келеді. Бұл жайында өнер иесі "Жұлдызды жұп" бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқапов халық әртісінің өмірі фильм ретінде таспалануға әбден лайық деп есептейді.

"Болашақта анам жайлы биографиялық драма түсіргім келеді. Бұл жобамен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Әзірге өкінішке қарай жолымыз болмай жүр. Өйткені оны жасау үшін қолдау керек. Менің ойымша, анамның өмір жолы мен өнер жолы кино ретінде шығуға әбден лайықты", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік әншіні бірден қолдай кетті.

"Аңыз адам", "Мемлекет өзі-ақ түсіруі керек қой", "Роза Рымбаева туралы фильмді қуана-қуана көретін едім", "Лайықты ұл", "Дұрыс айтасың, Әли", "Анаң құрметке лайық адам", - деді олар.

Айта кетейік осыдан бірнеше күн бұрын Әли Оқапов желіде ерекше отбасылық суреттерді жариялап, келіншегі Ақерке Бүркітбайды туған күнімен құттықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2171944-azirge-zholymyz-bolmai-zhur-ali-oqapov-anasy-roza-rymbaeva-turaly-film-tusirgisi-keledi/