Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Оқапов келіншегін туған күнімен ерекше құттықтады (фото)

Жарияланған күні:

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлымен
Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлымен. Фото: Instagram/aliokapov

Отандық танымал әнші Әли Оқапов желіде ерекше отбасылық суреттерді жариялап, келіншегі Ақерке Бүркітбайды туған күнімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Әли Оқапов жанұясымен жасаған фотосессиясын Instagram-дағы парақшасында көрсеткен. Онда ерлі-зайыпты мен ұлының ерекше стильде киініп алғанын көруге болады. Жұлдызды отбасы фотосессияны табиғат аясында өткізген.

Өнер иесі жаңа фотоларын қалың көпшілікке паш етіп, келіншегі Ақерке Бүркітбайды туған күнімен құттықтаған.

"Күз. Біз. Туған күніңмен", - деген қысқаша жазба қалдырған әнші.

Желі қолданушылары құттықтаулар легін жалғастырып, әртістің әйеліне ақ тілегін жарыса жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168457-ali-oqapov-kelinshegin-tugan-kunimen-erekshe-quttyqtady-foto/