Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен идеал емеспін": Аида Қауменова екі некесінің не себепті сәтсіз болғанын айтты

Жарияланған күні:

Аида Қауменова
Аида Қауменова. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Отандық танымал дизайнер Аида Қауменова екі некесінің не себепті сәтсіз болғанын айтты. Ол өз өмірі жайында Әйгерім Сейфолламен "Сырласуда" баяндаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аида Қауменова жеке өміріне қатысты ашық жауап берді. Осыған дейін екі рет тұрмыс құрған ол Құдайдан даналық сұрайтынын жасырмады.

"Мен идеал емеспін. Осы өмірде маған бір жағынан көп берсе, екінші жағынан көп берген жоқ. Біз оның бәрін туған уақыттан ақтық деміміз таусылғанша ақырындап түсінуіміз керек. Айнаға қарағанда сұлу, ақылды болуым үшін не жасауым керек деп қорытынды жасаймыз ғой. Дәл сол сияқты.

Мен тұрмыста тек жаманшылық болды дей алмаймын, әрине, жақсы нәрселер де болды. "Өмір-өзен" дейді. Бір-бірімен кездескен адамдар соңына дейін бірге болуға міндетті емес. Мұғалім ретінде де келетіндер бар. Ең бірінші Құдайдан тілейтінім, сабырлық пен денсаулық, даналық берсе екен", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Аида Қауменова кәсібін жертөледе бастағанын жазған едік. Дизайнер ешқашан тігін машинасында отырып, киім тікпегенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2172109-men-ideal-emespin-aida-qaumenova-eki-nekesining-ne-sebepti-satsiz-bolganyn-aitty/