Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәріне сәттілік": Ерке Есмахан желіде жолдасына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан мен Райм
Ерке Есмахан мен Райм. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде жаңа жазба жариялап, алдағы уақытта жолдасын бірқатар шара күтіп тұрғанын айтты. Өнер иесі жұмысы да қарбалас болып жүрген отағасы келіншегі мен ұлының да туған күнін атап өтуі керек екенін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан күйеуі Raim-ның тығыз жұмыс кестесі туралы айтып, Instagram-дағы парақшасында оған сәттілік тіледі. Шоу-бизнес жұлдызы жолдасы жұмысымен қатар, әйелі мен ұлының да туған күні де келе жатқанын есіне салды.

"Раймның жұмысы да қатты. Жақында жаңа альбом, концерт, тур. Исламның туған күні, менің туған күнім. Бәріне сәттілік, жан", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан күйеуі Raim туралы ел білмейтін жайтты ақтарған болатын. Өнер иесі танысқан күннен бастап, жолдасы өзін қалай атайтынын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2174356-barine-sattilik-erke-esmahan-zhelide-zholdasyna-undeu-zhasady/