Ең күлкілі қазақстандық комедиялар: үздік 9 фильм
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстандық комедиялар тартымды әзіл-қалжыңымен ерекшеленеді. Күлкілі фильмдер көрерменді алғашқы минуттардан-ақ баурап алады. IMDb Қазақстандағы ең күлкілі комедияларды анықтауға көмектесті.
- IMDb мен In Business ақпараттық басылымы жариялаған рейтингтерге сәйкес, Қазақстанның ең күлкілі комедиялары анықталды, олардың арасында "Он и она", "Келинка Сабина", "Қазақша бизнес", "Солай болып қалды" және басқа фильмдер бар.
- Бұл комедиялар өзіндік сюжеттерімен, ұлттық нақышымен және әзіл-қалжыңымен ерекшеленеді, кейбірінің бірнеше сиквелі түсірілді.
- Қазақстандық комедиялар шетелде де танымал болып, жоғары рейтингтер мен кассалық табыстарға ие болуда.
"Он и она" (2013)
Романтикалық комедия IMDb сайтында 6,9 рейтинг алды. Фильмнің режиссері – Сәкен Жолдас. Фильмге түскендер:
- Жандос Айбасов ("Вперед");
- Динара Бақтыбаева ("Қап-қара адам");
- Жаннат Қуанышева ("Я – жених").
Фильмде қарапайым алматылық жігіттің оқиғасы баяндалады. Ол өмірін оғаш кездесулер мен шытырман оқиғаларға толы хаосқа айналдырған ерекше қызға ғашық болып қалады, әлгі қыз тосыннан пайда болғаны секілді тосыннан ғайып болады.
"Келинка Сабина" (2014)
Комедия In Business ақпараттық басылымы жариялаған Қазақстандық киноның халықтық рейтингінде үшінші орынды иеленді. Ал IMDb бойынша фильмнің рейтингі 6,3 болды. Комедияны Нұртас Адамбай өзі жазған сценарий бойынша түсіріп, басты рөлді де өзі сомдады.
Басқа актерлер:
- Айнұр Ілиясова ("Белгісіз батырлар");
- Ерлан Қасымжанұлы ("Побег из аула");
- Жан Ізбасар ("Құдалар").
Фильмде ауқатты отбасынан шығып, еркелеп өскен алматылық Сабина есімді қыздың басынан өткен оқиғасы баяндалады. Алыстағы Жүгері ауылына келін болған соң оның өмірі күрт өзгереді.
"Қазақша бизнес" (2016)
Бұл комедияның IMDb сайтындағы рейтингі 6. Оны режиссер Жеңісхан Момышев түсірген. Фильм 2016 жылы Қазақстанда кассалық жинақ бойынша бірінші орында тұрды. Комедиялық фильм 300 миллион теңгеге жуық табыс әкеліп, In Business басылымы жасаған рейтингте бірінші орынды иеленді.
Рөлдерде:
- Нұрлан Қоянбаев ("Каникулы в Таиланде");
- Жанат Байжанбаев ("Рывок");
- Әбунасыр Серіков ("Скорая").
Нұрлан Қоянбаев («Таиландтағы демалыстар»); Жанат Байжанбаев («Жеркек»); Әбунасыр Серіков («Жедел жәрдем»).
"Қазақша бизнес" ойдан шығарылған кәсіпкер Жомарт Балтабаевтың өміріндегі оқиғаларға негізделген қазақстандық медиафраншиза.
Фильмнің бес сиквелі бар: "Қазақша бизнес Америкада" (2017), "Қазақша бизнес Африкада" (2018), "Қазақша бизнес Кореяда" (2019), "Қазақша бизнес Түркияда" (2022) және "Қазақша бизнес Бразилияда" (2023).
"Брат или брак" (2017)
IMDb сайтында бұл комедияның рейтингі 7,1 болды. Оны Ернар Нұрғалиев түсірген. Комедия In Business рейтингінде екінші орынды иеленді.
Рөлдерде:
- Құралай Анарбекова ("Жаужүрек мың бала");
- Дәурен Серғазин ("Хотя бы в кино");
- Нұрлан Сабуров ("Что было дальше").
Гаухарға ғашық болып қалған Айдар оған үйленуге дайын. Алайда оның бес ағасы қарындасын бейтаныс адамға тұрмысқа бергісі жоқ. Гаухарға лайық жар болатынын дәлелдеу үшін Айдар көп сынақтан өтуге тура келеді.
"Каникулы off-line" (2019)
IMDb рейтингінде 6,3 деген рейтингке ие болған отбасылық комедия YouTube сайтына жүктелгеннен кейін алғашқы үш күнде 1 миллион рет қаралып, қазақ киноларының арасында рекорд орнатты. Фильмнің режиссері – Руслан Акун.
Рөлдерде:
- Мейірғат Амангелдин ("Кебенек");
- Бекзат Елеусізов ("Байдың қызын аламын");
- Еламан Есентаев ("Менің атым Қызболсын").
Комедия сюжеті бойынша, ауылдан этнолагерь ашқан студент достар қала балаларын ауыл өмірімен таныстыруда біршама қиындыққа тап болады.
Достар оқиғасы "Каникулы off-line 2" (2019) және "Каникулы off-line 3" сиквелдерінде жалғасын тапты.
"Казахи против пришельцев" (2022)
"Казахи против пришельцев" фантастикалық комедиясы IMDb сайтындағы рейтингі – 6 . Фильм режиссері – Ален Ниязбеков.
Басты рөлдерде:
- Бауыржан Сатов ("Загадай желание");
- Жұлдыз Өмірғали ("Где мое кольцо"?");
- Дәурен Серғазин ("Алдар Көсе").
Шолпан жаңа танысқан бөгдепланеталық досына қону кезінде бүлінген кемесін жөндеуге көмектесуді ұйғарады. Алайда ол бөгде планетадан келген досы жерлестерімен Жерді басып алуды ойластырғанын білмейтін.
"Бишарашки" (2022)
Дархан Сәркенов түсірген тағы бір комедия – "Бишарашки". Ол IMDb сайтында 6,5 рейтингін алды. Фильмнің премьерасы 14 шілдеде өтті. Екі аптаның ішінде 510 миллион теңге жинап, 2022 жылдың жазындағы ең көп табыс әкелген жоба болды.
Басты рөлдерде:
- Иісбек Әбілмәжінов ("Время патриотов");
- Жанат Байжанбаев ("Квартиранты");
- Адина Бажан ("Невеста напрокат").
Комедия отбасымен бірге қаладан шұғыл түрде ауылға кетуге мәжбүр болған ауқатты кәсіпкердің өмірін баяндайды. Ауылда кәсіпкердің отбасы түрлі оқиғаларға тап болады. Комедияның "Бишарашки 2" (2023) деген сиквелі жарық көрген.
"Солай болып қалды" (2024)
2019 жылы "Әкім" фильмін түсірген режиссер Тимур Дулатовтың комедиясы 25 сәуірде прокатқа шықты.
Рөлдерде:
- Қобыланды Болат ("5:32");
- Ерболат Әлқожа ("Счастье");
- Мадина Оспанова ("Ұялам, но үй алам").
Бастыққа қарсы шыққан Бақыт шетел әуежайында жұмыссыз, ақшасыз да қалады. Кейін жағажай волейболынан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысымен танысады, бірақ екеуін мопед қағып кетеді. Командадағы қыздар Бақытты нағыз жаттықтырушымен шатастырады, ол қыздармен бірге шытырман оқиғалар мен тосын сыйларға толы хикаяларды бастан кешіреді.
Қазақстандық комедиялар қызық сюжетімен, ұлттық болмысқа тән әзіл-қалжыңымен баурап алады. Біз тізіп шыққан комедиялар Қазақстан аумағынан тыс жерлерде де кеңінен танылып, көрерменін тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2182127-eng-kulkili-qazaqstandyq-komediialar-uzdik-9-film/