Режиссер Олжас Нұрбай мен актриса Ұлболсын Шалқарова ата-ана атанды (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал режиссер Олжас Нұрбай мен белгілі актриса Ұлболсын Шалқарованың тұңғышы дүниеге келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Отандық кино саласындағы жарасымды жұлдызды жұптардың бірі ата-ана атанды. Бұл қуанышты жаңалықты танымал әзілкеш әрі жүргізуші Марат Оралғазин жария етті. Ол Instagram-дағы парақшасында ерлі-зайыптының суретін жариялап, "Бауы берік болсын" деген жазба қалдырды.
Оған қоса отандық актриса Жазира Еркін құрбысы Ұлболсын Шалқарованың ұл баланы дүниеге әкелгенін айтып қойды. Өнер иесі түсірілім алаңында бірқатар адамның Олжас Нұрбайды құттықтап жатқан видеосын жариялаған.
Айта кетейік, бұған дейін режиссер келіншегі түсірілім алаңынан перзентханаға кеткенін хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2184221-rezhisser-olzhas-nurbai-men-aktrisa-ulbolsyn-shalqarova-ata-ana-atandy/