Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біраз дүниені түсіндім": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Ләйлә Сұлтанқызының Youtube арнасынан

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екі жыл бұрын өмірден өткен жолдасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында марқұм жолдасының видеосын жариялап, жан сырын ақтарды. БАҚ өкілі күйеуінсіз өткен екі жыл өзі үшін аса ауыр болғанын айтты.

"Алланың алдында дәрменсіздігімізді мойындағанымыздың арқасында сынаққа сынбай, жер басып жүргендейміз. Көңіліме қаяу түскелі тура 2 жыл. Балаларымыздың алдында жылап, әлсіздігімді көрсете бермеймін, көрсеткім де келмейді… Бірақ осы уақытқа дейін іштей біраз дүниені түсіндім. Бүгін Қайрекеме құран бағыштап, ниет етіп жатырмыз", - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2184278-biraz-dunieni-tusindim-laila-sultanqyzy-marqum-kuieuin-eske-aldy/