Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген іштарлық": Алтынай Жорабаева жақындарынан көңілі қалғанын айтты

Жарияланған күні:

Алтынай Жорабаева
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева жақындарынан көңілі қалғанын айтып, желіде азулы жазба жариялады. Өнер иесі өзін сөз етіп жүргендерге үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева артынан сөз айтып жүрген жақындары туралы Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарханда отырып, "Сен кереметсің, жаным, күнім" деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. "Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз" деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?! Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері "Ғайбат айтпаңыздар" деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырғанымды білсін деп ескертейін дегенмін", - деді әнші.

Сонымен қатар Жорабаева мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ екенін жеткізді.

“Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген "Халық қалаулылары" осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр", - деп жазды өнер иесі.

Алтынай Жорабаеваның Stories-i
Алтынай Жорабаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/altynaizhorabayeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2187326-nedegen-ishtarlyq-altynai-zhorabaeva-zhaqyndarynan-kongili-qalganyn-aitty/