Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пи Диддидің жақын досы атанған Эштон Кутчер туралы не білеміз: актердің өмірі және танымал рөлдері

Жарияланған күні:

Читать на русском
Эштон Кутчер
Эштон Кутчер. Фото: Patrick T. Fallon/AFP via Getty Images

Эштон Кутчер біз экран арқылы тамашалап жүрген сымбатты жігіт қана емес. Эштонның танымалдыққа жету жолы күтпеген оқиғаларға толы.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Эштон Кутчер – 1978 жылы Айовада дүниеге келген америкалық актер, модель және кәсіпкер. Ол "70-жылдар шоуы" телехикаясындағы Майкл Келсо рөлімен танымал болды және "Екі жарым адам", "Ранчо" сияқты танымал телехикаяларға түсті.
  • Кутчер технология саласында табысты инвестор ретінде де танымал. Оның жеке өмірі де назар аударарлық – ол бірнеше жыл Деми Мурмен некеде болған, кейін актриса Мила Куниске үйленген.
  • Соңғы уақытта Кутчер Пи Диддимен (Шон Комбс) жақын қарым-қатынасы үшін сынға ұшырады, бірақ People басылымы Эштонның Диддидің кештеріне қатыспағанын жазады.

Эштон Кутчер қалай жұлдыз болды?

Актер Кристофер Эштон Кутчер 1978 жылы 7 ақпанда Сидар-Рапидсте (Айова, АҚШ) дүниеге келген. Ол консервативті католик отбасында өскен, Washington High School-де, кейін Clear Creek-Amana High School-де білім алған. Мектеп қабырғасында жүргенде бозбала актерлік өнерге қызығушылық танытып, мектеп сахнасында қойылған қойылымдарға қатысқан.

1996 жылы Кутчер Айова университетіне "Биохимиялық инженерия" мамандығы бойынша оқуға түскен. Бір күні барда отырғанда ол модельдер іріктеу бойынша агенттің назарына ілігіп, Fresh Faces of Iowa байқауына қатысуға ұсыныс алады. Эштон бұл байқауда жеңіске жетіп, Нью-Йоркте өтетін беделді шараға жолдама ұтып алады. Кейін модельдер агенттігімен келісім-шартқа отырады, ол тез арада танылып, америкалық сән үйінің жарнамасына түсіп, Париж мен Миланның подиумдарында жұмыс істейді.

Табыстан шабыт алған жас жігіт жаңа белестерді бағындыруға бел буып, Лос-Анджелеске көшеді. Көп ұзамай ол кастингтен өтіп, танымал болған "70-жылдар шоуы" (1998–2006) телехикаясында сүйкімді әрі ақымақтау келген Майкл Келсоның рөлін ойнады.

Эштон Кутчер
Эштон Кутчер (2011): Flickr/TechCrunch

"70-жылдар шоуы" телехикаясы сәтті шыққаннан кейін актерге, әсіресе, комедия жанрында көптеген ұсыныс түсе бастайды. Ол "Көлігім қайда, достым?" (2000), "Бастығымның қызы", "Жас жұбайлар" (2003) фильмдеріне түседі. 2004 жылы Эштон драмалық рөлге бекітіледі, бұл рөлі оны кеңінен танымал етті. Ол "Көбелек әсері" фильмінде басты рөлді сомдады, мол табыс алып келген фильм арқылы Кутчер драмалық рөлдерді де сәтті шығара алатынын дәлелдеді.

Кутчер тығыз жұмыс кестесіне байланысты "70-жылдар шоуы" телехикаясының соңғы маусымына қатыса алмады, бірақ бірнеше эпизодқа қонақ ретінде шақырылып, соңғы бөліміне түседі. Эштон Кутчер қандай фильмдерге түсті? 2006 жылы актер "Құтқарушы" драмасында, 2008 жылы "Бірде Вегаста" комедиясында ойнады, 2009 жылы "Қызқұмар" драмалық фильміне, ал 2010 жылы "Киллер" комедиялық боевигіне түскен.

2011 жылы оның мансабында тағы бір маңызды оқиға болды: ол "Екі жарым адам" (2003–2015) телехикаясында Чарли Шинді ("Взвод") алмастырды, актер танымал телехикаяда миллиардер Уолден Шмидттің рөлін ойнады.

2016 жылдан 2020 жылға дейін Кутчер Netflix-тің "Ранчо" телехикаясында басты рөлді ойнады, бұл фильмде ол үйіне – отбасылық ранчоға оралған бұрынғы жартылай кәсіби футболшыны ойнап шықты. 2022 жылы актер "Кек" детективті хикаясына, 2023 жылы "Саған барамыз ба, әлде маған ба?" мелодрамасына түсті.

Эштон Кутчер
Эштон Кутчер түскен фильмнен кадр: YouTube / Good films

Эштонның соңғы жұмыстарының бірі "90-жылдар шоуы" ситкомындағы (2023–2024) қонақ рөлі болды. Deadline кино және телевизиялық басылымының жазуынша, актер жуырда актер жаңа телехикаяға түседі.

Жеке өмірі

Актерлік мансабынан бөлек, Кутчер технология әлемінде өзін танытып, жұлдыздар арасындағы ең табысты инвесторлардың біріне айналды. Эштон стартаптарға – өз салаларында мықты ойыншыларға айналған платформаларға инвестиция салды.

Актердің махаббат драмалары

Эштон Кутчердің жеке өмірі драмалық оқиғаларға, тосын кездесулерге және қайғылы сәттерге толы. Ол 2001 жылғы ақпанда жан түршігерлік трагедияны басынан кешірді – сол жылы сүйіктісі Эшли Эллерин кісі қолынан қаза тапты.

Кутчер қайғыдан есін жиып, 2002 жылдың соңында актриса "Жас жұбайлар" фильміндегі серігі Бриттани Мерфимен кездесе бастады. Алайда екеуінің махаббат хикаясы ұзаққа созыла қойған жоқ.

Екеуі айырылысқаннан кейін Эштон өмірінде елеулі із қалдырған әйел – актриса Деми Мурды кезіктірді. Олар 2003 жылы танысқан. Екеуінің сезімі зор махаббатқа ұласып, 2005 жылы бас қосты. Алты жылға созылған некеден кейін, 2011 жылы ерлі-зайыптылар ажырасу туралы шешім қабылдады. Эштон Кутчер мен Деми Мур неге ажырасып кетті? Екеуінің ажырасып кетуіне актердің опасыздығы себеп болған.

2012 жылдың басында Кутчер Мила Куниспен романтикалық қатынас құра бастады. Көп ұзамай олар некелесіп, тұңғыштары дүниеге келді. Эштон Кутчердің қанша баласы бар? Актердің екі бір қыз (2014) және бір ұлы (2016) бар.

Эштон Кутчер, Мила Кунис
Эштон Кутчер, Мила Кунис. Фото: Flickr / The International Magazine

2015 жылдың шілдесінде Кутчер мен Кунис ресми түрде үйленді және содан бері бірге келеді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне деген адалдығымен және отбасына қамқорлығымен танымал. Екеуі бірігіп Беверли-Хиллзден үй салды.

Актер туралы қызық деректер

Эштон әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылады. Актер өзі жасаған істің түпкі мақсаты – адамдарға әлемге басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін жағымды атмосфера құруға тырысу екенін айтты.

Оқуына ақша табу үшін қан тапсырып, зауытта жұмыс істеген. Ол Esquire ерлер журналына 2019 жылы сирек аутоиммундық ауру – васкулит диагнозы қойылғанын айтты.

Қазіргі уақытта адам саудасы және сексуалдық зорлық-зомбылық жасаған деп айыпталған Пи Диддимен (Шон Комбс) жақын араласқан үшін Эштонға әлем назары ауған. Әйелдерге арналған Elle журналының жазуынша, Эштон Комбстың "ақ кештеріне" қатысқан және сол кештердің бірінің ұйымдастырушысы болған. Дегенмен Кутчердің заңсыз әрекеттер жасалды деп болжанған Freak Off кештерінде болғаны туралы ресми ақпарат жоқ. People басылымы Эштонның ол кештерге еш қатысы жоқ екенін және Диддиді тек бірнеше әлеуметтік шарада көргенін жазады.

Эштон Кутчер – сан қырлы тұлға. Оның өмірі үздіксіз алға жылжу, жаңа білім мен тәжірибеге ұмтылуымен үлгі. Көптеген адам Эштонды ең алдымен актер ретінде білсе де, оның жан-жақтылығы оны шынымен бірегей әрі көрермендер үшін тартымды ете түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2188161-pi-diddiding-zhaqyn-dosy-atangan-eshton-kutcher-turaly-ne-bilemiz-akterding-omiri-zhane-tanymal-rolderi/