jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Ғаламның ең сұлу аруы атағын кім жеңіп алғаны белгілі болды

    Виктория Кьер Тейлвиг
    Мисс Вселенная -2024 Виктория Кьер Тейлвиг. Фото: instagram/missuniverse

    "Ғалам аруы – 2024" сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды. Бұл жолы көпшілік ару арман еткен тәж даниялық Виктория Кьер Тейлвигке бұйырды, деп хабарлайды байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Ғалам аруы" сұлулық байқауының 73-финалы 16 қарашада Мексикада өтті. Ақтық сында ғаламның ең сұлу аруы атағы үшін Нигерия мен Дания намысын қорғаған арулар кездесті. Нәтижесінде "Ғалам аруы – 2024" атағына даниялық Виктория Кьер Тейлвиг ие болды.

    Сонымен қатар тағы төрт ару вице-мисс титулын иеленді. Олар Чидимма Адетшина (Нигерия), Мария Фернанда Белтран (Мексика), Сучата Чуангсри (Таиланд) және Илеана Маркес (Венесуэла).

    Оған қоса CNN ақпаратынша, байқау жеңімпазы Виктории Кьер Тейлвиг 21 жаста екен. Бойжеткен бимен және кәсіпкерлікпен айналысады. Сонымен қатар ол заңгерлік қызметті бастауда.

    Ғаламның ең сұлу аруы атағын кім жеңіп алғаны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.