jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Үйіме келіп жылайтын": Баян Мақсатқызы Ерке Есмаханмен жұмыс істеген кезін еске алды

    Баян Мақсатқызы
    Баян Мақсатқызы. Видеодан кадр: Youtube/ Aissaule Bakytbek-Kaidarova

    Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова Ерке Есмаханмен жұмыс істеген кезді еске алып, басынан өткен жағдайды айтты. Шоу-бизнес өкілі әнші арудың жұлдызды сәтін ұзақ күтіп қалғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Баян Мақсатқызы Ерке Есмахан көп еңбек еткенімен ұзақ уақыт жолы болмай жүргенін жеткізді. Өнер иесі тіпті продюсерінің үйіне келіп, жылап назын айтқан кездері де болғанын айтты.

    "Ерке Есмахан жұлдызды сәтін ұзақ күтті, көп еңбектенді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, "Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?" деп айтатын. Мен оған "Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма" дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. "Не істейміз?" деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болма", соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті", - деді продюсер "Din Dina Show" бағдарламасында.

    "Үйіме келіп жылайтын": Баян Мақсатқызы Ерке Есмаханмен жұмыс істеген кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.