Лидия Кәденова "Халық әртісі" болғанын үлкен той жасап, атап өтті (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Лидия Кәденова "Халық әртісі" атағын иеленгенін үлкен той жасап, жақындарымен дүркіретіп атап өтті. Өнер иесінің қуанышына бірқатар танымал тұлғалар жиналған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Лидия Кәденова бұл қуанышын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде тойлаған. Актриса той төріне ұлы, келіні мен қос немересімен бірге шыққан.
Дүбірлі шара тізгіні белгілі асаба Ерқанат Ермахан мен актер Нұржан Әбубәкірде болды. Лидия Кәденованы "Халық әртісі" атағын алғанымен арнайы құттықтап келген жұлдыздар арасында Асанәлі Әшімов, Роза Рымбаева, Досхан Жолжақсынов, Жұбаныш Жексенұлы, "МузАРТ" тобы, Әли Оқапов, Мұхтар Ханзада және т.б болды.
Жұлдызды қонақтар мейрамхана ортасына шығып, көпшілікке өнерін паш етті.
Ұлы Дидар Кәден келіншегі екеуі анасына қажылыққа жолдама сыйға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2189417-lidiia-kadenova-halyq-artisi-bolganyn-ulken-toi-zhasap-atap-otti-video/