"Мектептен алдыртып, ән айтқызды": Мақпал Жүнісова "Гүлдер" ансамбліне қалай келгенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова жас кезін еске алып, әйгілі "Гүлдер" ансамбліне қалай келгенін айтып берді. Өнер иесі мектеп оқып жүрген кезде музыкалық ұжым директорының көзіне түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова өзі жайлы тың мәліметті Instagram-дағы парақшасында айтты. Эстрада жұлдызы әйгілі "Гүлдер" ансамбліне алғаш келген кездерін еске алды.
Сөзінше, ансамблдің сол кездегі продюсері Қабиден Тұяқаев Жүнісованың әнің радиодан тыңдап, оны бірден іздестіруге кіріскен.
"9-сыныпта радиоға жазылған Дүнгенбай Ботбаевтың әні "Ана" әнін радиодан тыңдаған "Гүлдер" ансамблінің сол кездегі директоры Қабиден Тұяқаев марқұм, менің қайда оқитынымды радиодан сұрап, 10-сыныпта "Гүлдер" ансамбіліне алдыртты. 10 шақты ән айтқызып, мектеп бітіргесін "Гүлдер" ансамбліне қабылдаймын деп еді. Ақыры 1981-жылы жұмысқа алды", - деп жазды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2189835-mektepten-aldyrtyp-an-aitqyzdy-maqpal-zhunisova-gulder-ansambline-qalai-kelgenin-aitty/