Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанып қалуым мүмкін": Жазира Байырбекова ене болуға қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова ұлының үйленбей жүргеніне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі болашақта өзін қандай ене ретінде елестететінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова ене болуға қатысты ойын "Мамский әңгіме" подкастында айтты. Эстрада жұлдызы баласының үйленбей жүргеніне өзінің қатысы бар деп ойланып қалғанын жасырмады. Әнші бұл сұраққа жауап алу үшін психологқа барғанын жеткізді.

"Бірнеше уақыт бұрын психологқа бардым. Баламның үйленбей жүргені бізге байланысты емес пе?!” деп сұрадым. "Мүмкін бейсаналы түрде біз дайын емес шығармыз. Танымал әншілер болғанымызбен, құда-құдағимен қарым-қатынас құра алмайтын шығармыз" деп ойладым. "Міне, дайындықты бастап кеткен адамның сөзі" деді. Көп аналардың дайын болмайтынын айтты. Баламыз келіншегін жоғары қойып, бізді тасада қалдырып кетсе, қызғанып қалуым мүмкін. Бірақ ене боламын дегенде, көз алдыма жылы дүниелер елестейді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2192096-qyzganyp-qaluym-mumkin-zhazira-baiyrbekova-ene-boluga-qatysty-oiyn-aitty/