"Жұғысты болсын": Дина Төреәлі екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлады (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті. Блогер бүгінде екінші перзентін күтіп жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл қуанышты жаңалықты жұлдызды ананың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ол аяғы ауыр екенін тұңғышының туған күнінде хабарлауды жөн көрген.
Ерлі-зайыпты ұлы Ерманбидің бір жасқа толуына орай арнайы отбасылық фотосессия жасап, оны көпшілік назарына ұсынған. Фотолардың бірінде Дина Төреәлінің іші шығып қалғанын көруге болады.
"Ерманби 1 жас. Алланың бергеніне, осы күнге жеткізіп көруді нәсіп еткеніне сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бүгін оригинал Ерманби баламыз 1 жасқа толып жатыр. Саған деген махаббатым барлық тілегім менің аналық жүрегімде, менің дұғаларымда құлыным. Қуанышпен бөліссе көбейеді демекші, бізге шын тілектес, ниеттес жандар сіздерге де жұғысты болсын! Суретті соңына дейін көріп шыққан болсаңыз жәй ғана МашаАлла деп кетіңіз", - деп жазды блогер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2192367-zhugysty-bolsyn-dina-toreali-ekinshi-sabiine-aiagy-auyr-ekenin-habarlady-foto/