"Өнердегі анам": Толқын Забирова Бибігүл Төлегеноваға әсерлі жазба арнады (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Толқын Забирова желіде Бибігүл Төлегеновамен түскен суретін жариялап, ел жүрегін елжіретті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Толқын Забирова әйгілі Бибігүл Төлегеновамен кездескен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Фотода өнер иелерінің студияда құшақтасып отырғанын көруге болады.
Белгілі болғандай бірқатар эстрада жұлдызы отандық бағдарламада бас қосып, Бибігүл Төлегенованы 95 жасымен құттықтаған. Забирова аңыз әншіні өзінің өнердегі анасы екенін айтты.
"Ұстазымның 95-жылдығының тойлауы өз жалғауын табуда! Студияда өнер иелерімен бас қосып Бибигуль Ахметқызын құттықтадық! Көңілді кездесу өткенмен, бір-ақ көзге жас алдық, жүрек тебірентер сәттерге толы болды! Ұстазыма, өнердегі анама, Алла ауыртпай, сырқатпай, бейнетсіз жасын созса екен деп тіледім", - деп жазды Забирова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2194179-onerdegi-anam-tolqyn-zabirova-bibigul-tolegenovaga-aserli-zhazba-arnady-foto/