"Имамды бірге алып барған": Гүлмира Дайрабаеваның ұлы Көлсайда сүйіктісіне ұсыныс жасап, бірден некесін қиды (видео)
Жарияланған күні:
Белгілі тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, жастар арасында кеңінен танымал блогер Артур Асқарұлы енді ресми түрде бойдақ емес. Желі жұлдызы сүйіктісіне Көлсайда үйленуге ұсыныс жасап, бірден сол жерде некесін қиған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Артур Асқарұлы қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария еткен.
Желі жұлдызы алдымен сүйіктісі Замираға үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алғанын хабарлады. Желі қолданушылары жастар үшін қатты қуанып, оларға ақ тілектерін жаудырды.
Алайда бұл жалғыз қуанышты хабар емес екені белгілі болды. Блогер бұл жаңалығынан кейін іле-шала ғашығы екеуі бірден сол жерде некесін қиғанын айтып, елді таңғалдырды.
Артур Асқарұлы бұл ұсынысқа қатты дайындалғанын жасырмады. Ол сүйіктісінің жауабына сенімді болып, өзімен бірге Көлсайға имамды алып келген. Блогердің ғашығы мұндай тосынсыйды мүлдем күтпеген болып шықты. Ол сақина ұсынып тұрған сүйіктісін көргенде көзіне жас алып қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2196192-imamdy-birge-alyp-bargan-gulmira-dairabaevanyng-uly-kolsaida-suiiktisine-usynys-zhasap-birden-nekesin-qidy-video/