"Қызымның көңіліне қарадым": Майра Ілиясова неге тағы тұрмысқа шықпағанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Майра Ілиясова бұрынғы күйеуі туралы айтып, некесі неге сәтсіз аяқталғанын түсіндірді. Өнер иесі бұл жағдайдан кейін не себепті тұрмысқа шықпағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Майра Ілиясова жеке өмірі туралы жан сырын белгілі журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбатында ақтарды. Ол жолдасының өнеріне қарсылығы болғанын жасырмады.
"Әдемі болғандықтан жалғыз шығармын. Мен күйеуім спортпен көбірек айналысты. Соңғы уақытта менің гастрольдік сапарым көбейіп кетті. Ол "Осы концерттеріңді қойсаң қайтеді?! Мына бала қалып қояды" деген кезде мен ойлана келе оған "Мен өнеріммен қала берейін" дедім. Мен жай ғана дауысым орташа болса, мүмкін үйде отырар ма едім. Бірақ халыққа танымал болдым. Солай өзіміз ақылдасып шештік. Әрине, ол екі жылдай көнбеді. Бірақ сондай әдемі айырылыстық. Қазір отбасы, ұлы бар. Араласып тұрамыз. Қызым әкесімен керемет қарым-қатынаста, әкесін қатты жақсы көреді", - деді өнер иесі.
Оған қоса Ілиясова неге тағы да тұрмыс құрмағанын айтты.
"Менікі үнемі концерт, жұмыс. Іш пысатын уақытым жоқ. Қызым ешкімді жақтырмайтын. Қазір "Менікі дұрыс болмапты" деп айтады. Мен қызымның көңіліне қарадым", - деп ағынан жарылды әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2196701-qyzymnyng-kongiline-qaradym-maira-iliiasova-nege-tagy-turmysqa-shyqpaganyn-aitty/