RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Роза Рымбаеваға қызығамын": Мақпал Жүнісова асқақ арманы туралы айтты

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова асқақ арманы туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі қызы Мерей тұрмысқа шығып, немерелі болғысы келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Роза Рымбаеваға қызығатынын жасырмады. Ол әнші құрбысы секілді немере бағып, басқаша өмір сүргісі келетінін жеткізді.

"Бүгінде ағылшын тілінің маманы. Қазір бір компанияда қазақшадан ағылшыншаға аударады. Өткен жылы балаларға сабақ беріп, 500 мың теңге айлық алыпты. Өзі тіл саласына қызығады. Мерей қазір 22 жаста. "Жақсы жігіт болса, ертерек кете бер" деп айтамын. Жұмыс істей берсең, кете бересің. Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді. Роза Рымбаеваға қызығамын. Сол сияқты немере бағып, басқаша өмірге енгім келеді. Немерені асығып күтіп жүрмін. Соны айтсам, "Мен әлі жаспын ғой, мені көре алмай жатырсың ба?" дейді. Бір түрлі болып қалады екенсің. Бірақ ішімнен ертерек кетсе екен деп тілеймін", - деді әнші "Din Dina Show" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2200212-roza-rymbaevaga-qyzygamyn-maqpal-zhunisova-asqaq-armany-turaly-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif